Наиб мүфти «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына қонақ болды 4125

Наиб мүфти «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына қонақ болды

03 ақпан 2025 159 Оқу 1 минут

Наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Ақтөбе қаласына келген сапары барысында «Munara» телеарнасының Ақтөбедегі студиясында қонақ болып, «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді. 

Наиб мүфти бағдарлама барысында жуырда ғана Төралқа мәжілісінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы» жылының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар журналист, РАТТ мүшесі, дін маманы Ақтолқын Орысбайқызының тақырып аясында қойған әр сауалдарына жіті тоқталып, талдап берді.

Одан өзге шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі дін мен дәстүр сабақтастығын тілге тиек етіп, отбасы құндылығын сақтауда кеңестерінде айтты.

Айта кетсек, сұхбат осы жұма эфирден көрсетіледі.

ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» арнасынан @munara_tv_official Отаудан 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арнадан көре аласыздар. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://youtube.com/@munaratv

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі