«Татуировканың шариғаттағы үкімі» атты  пәтуа таныстырылды 4076

«Татуировканың шариғаттағы үкімі» атты пәтуа таныстырылды

28 қаңтар 2025 99 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты барлық мешітте «Пәтуа сағатында «Татуировканың шариғаттағы үкімі» атты пәтуа таныстырылды. Бұл туралы облыстағы «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов мәлімдеді.

Сонымен қатар жұма күні өткен пәтуа сағатында «Уәсуәстан қалай қорғанамыз?», « Сапар намазы қалай оқылады?», «Бас киімсіз намаз оқу үкімі қандай?», «Мәкруһ киіммен намаз оқуға бола ма?», «Намаздағы күлу дәрет бұза ма?» атты жамағаттың сұрағына имамдар мен ұстаздар жауап берді.

Айта кетсек, Пәтуа сағаты әр жұма сайын өтеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі