Темір ауданында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті 4796

Темір ауданында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті

04 қыркүйек 2025 131 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Темір ауданындағы «Досжан ишан» мешітінде жамағат арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті.

Бірлік пен ынтымақты арттыруға арналған сайыста асық ату, ләңгі ойыны ұйымдастырылып, үздіктер жеңімпаздар атанып, сыйлықтармен марапатталды.

Аталған додаға жамағат белсене қатысты. Сонымен қатар дастархан басында бас қосқан аудан жамағаты мешіт имамдарының уағыз- насихаттарын тыңдап, ғибрат алды. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі