Ақтөбе: «ЖАМАҒАТ БАРЫСЫ» басталды 2568

Ақтөбе: «ЖАМАҒАТ БАРЫСЫ» басталды

21 наурыз 2023 157 Оқу 1 минут

Бүгін «Жастар» спорт кешенінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының басталуы мен Наурыз мерекесіне орай жергілікті жамағат арасында ауызбіршілікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «ЖАМАҒАТ БАРЫСЫ» атты қазақша күрестен спорттық сайыс өтуде. 

Аталған доданы облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, жиналған жамағатты Рамазан айы және Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Ислам діні қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ осы мәселеге байланысты:«Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – дегенін ескеруіміз керек», -дей келе, исламдағы татулық пен бірлік туралы да баяндады.

Сайыс екі салмақ дәрежесі бойынша (80 кг ға дейін, 80 кг жоғары) өтіп жатыр. Әрбір жарысқа қатысушы азамат 21 наурыз күні сағат 09:00 дейін тіркелді. Жергілікті сағат 09:00 ден бастап салмақ өлшеу өтіп, аталған салмақ дәрежесіне қарай 80 кг дейін және 80 кг.жоғары болып екі топқа іріктелді. Ал сайыс төрешілері сайыстың ережелерін толық түсіндірді.

Айта кетсек, сайыс қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталады.

80 кг дейінгі салмақ дәрежесі:


І орын – Сертификат 150 000 теңге;

ІІ орын – Сертификат 100 000 теңг;

ІІІ орын – Сертификат 70 000 теңг;


80 кг жоғары салмақ дәрежесі:

І орын – Сертификат 150 000 теңге

ІІ орын – Сертификат 100 000 теңге

ІІІ орын – Сертификат 70 000 теңге


Кешке жарыстың жеңімпаздары анықталады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі