Ақтөбе: Студенттер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берді 1598

Ақтөбе: Студенттер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берді

28 сәуір 2022 110 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының мұрындық болуымен Ақтөбелік білім алушы студенттер пен мүмкіндігі шектеулі жандарға «Жастық» мейрамханасында ауызашар берілді.

Дастархан басында Рамазан айының қадір-қасиеті мен Қадір түні туралы уағыз-насихат айтылды. Сонымен қатар студенттердің қойылған сауалдарына жауап беріліп, жастарға діннің, имандылықтың маңыздылығы түсіндірілді.

Жалпы саны 100 адамды қамтыған рухани дастарханға 370 000 теңге қаражат жұмсалды.

Бас имам сауабы еселеніп берілетін шараға қолдау көрсеткен «Жастық» мейрамханасының басшысы мен ұжымына алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке бергей деп дұға етті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі