Ақтөбе: «Білім – адам баласының ортақ қазынасы» атты шара ұйымдастырылды 3641

Ақтөбе: «Білім – адам баласының ортақ қазынасы» атты шара ұйымдастырылды

13 қыркүйек 2024 360 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Білім – адам баласының ортақ қазынасы» атты іс-шара өтті. 

Шараның басты мақсаты – білім алудың маңыздылығы мен оған ұмтылудың берекесі, алатын сауабы туралы түсіндіру.

Мешіт ұстазы Назерке Айбекқызы: « Білім алуда дініміз ер, әйел деп бөліп қарамайды. Яғни, екеуіне де парыз ретінде міндеттейді. Қазіргі таңда заман талабына сай түрлі ғылым мен білім салаларын игеру де пенденің ниетіне қарай сауапқа қауыштырады. Алла тағаланың алдында да білім иелерінің дәрежесі жоғары болмақ»-деп кеңінен түсіндіріп өтті.

Аталған шараға жиырмаға жуық қыз-келіншектер қатысып, толғандырған сауалдарына жауап алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі