Қаланың Бас имамы «Нұрдәулет» мешітінде жұма уағызын айтты
Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли «Нұрдәулет» мешітінде жұма уағызын айтты.
Аталған мешіттің жамағатымен жүздескен қаланың Бас имамы: «Қазіргі қоғамда кітап оқу өмірлік қажеттілікке айналып отыр. Себебі адам баласы кітап арқылы ой-санасы артады. Тіпті Жаратушы Жаббар Иеміздің адамзатқа алғаш түскен әмірі – «Оқы!» деп басталғаны тегін емес. Бұл – оқу мен білімнің, кітап пен ілімнің исламдағы орнын айқын аңғартатын хикметті нұсқау»,-деп атап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































