Шалқар ауданының бас имамы «Дін мен дәстүр» бағдарламасына қонақ болды 3642

Шалқар ауданының бас имамы «Дін мен дәстүр» бағдарламасына қонақ болды

13 қыркүйек 2024 114 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков «Aqtobe» телеарнасындағы «Дін мен дәстүр» бағдарламасына «Жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында сұхбат берді. 

Бағдарлама барысында бас имам: «Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Еліміздің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсемізді биік көтеріп жүру үшін жемқорлық індетімен белсене күресу, оны жою бағытындағы шараларды жүйелі жүргізіп отыру қажет. Сондай – ақ, шариғатымызда жемқорлықтың үкімі – харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған» - деп, жемқорлықтың шариғат шеңберінде тыйым салынған қоғам дерті екенін атап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі