Хромтау: Облыстың Бас имамы балаларға қуаныш сыйлады 2215

Хромтау: Облыстың Бас имамы балаларға қуаныш сыйлады

29 қазан 2022 173 Оқу 1 минут

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына орай «2022 жыл – Балалар жылы» жылы аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы өтті. 

Аталған игі шараға Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әли қатысты.

Шара барысында облыстың Бас имамы: «Біз аспаны ашық, бейбіт елміз. Ал бейбіт елдің балалары бақытты болуы тиіс. «Бала қуанса – әлем қуанады» деген дана халқымыздың сөзін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі бала – біздің жарқын болашағымыз» - дей келе, көпбалалы, аз қамтылған және жалғызбасты 50 отбасының балаларына арнайы сыйлықтар табыстады.

Қайырымдылық шарасының қортындысында ата-аналар облыстың Бас имамы мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі