Ақтөбе: Түзету мекемесіне діни әдебиеттер табысталды 2686

Ақтөбе: Түзету мекемесіне діни әдебиеттер табысталды

17 мамыр 2023 227 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сай Ақтөбе қаласы №8 түзету мекемесінің (Общий режим КА-168/2) кітапханасына ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті тарапынан діни әдебиеттер табысталды. «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Азат Ерланұлы бірнеше кітаптарды саланатты түрде табыстап, жазасын өтеуші азаматтарға «білім алудың артықшылығы» жайлы насихат айтты.

Діни әдебиеттердің қатарында Құран кітаптары, «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Ихсан – основа духовного воспитания», 4 томдық «Избранный из тафсиров» (Сафуат ат-тафасир), «Адамзаттың асыл тәжі», «Қазақ ойшылдары дін туралы», «Великий имам – Имам Абу Ханифа», «Мұсылман сипаты», «Ислам – истинная религия Аллаха», «Сокровенное познания», «Аллаға иман», «Пайғамбарларға иман», «Періштелерге иман», «Тәжуид ережелері», «Жаназа және жерлеу рәсімдері» деген секілді кітаптар бірнеше даналармен кітапхана қорына тарту етілді.

Аталған кітаптардың барлығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының және ҚМДБ сараптамасының оң қорытындысы берілген әдебиеттердің қатарында.

Ескере кетейік, Ақтөбе қаласындағы түзету мекемелеріне ҚМДБ Ақтөбе өкілдігіне қарасты мешіт имамдары тұрақты түрде апта сайын кіріп, жазасын өтеушілерге уағыз-насихат, түсіндіру жұмыстарын өткізіп келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі