Кеңқияқта үздік мергендер анықталды
Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералиннің ұйымдастыруыменен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Кеңқияқ ауылдық «Ырысты ана» мешітінің жамағаты арасында садақ атудан сайыс өтті.
Ұлттық спортты дәріптеген мешіт жамағаты садақ ату сайысына белсенді қатысты.
Дода барысында жиырмадан аса қатысушылардың ішінде жеңімпаздар анықталып, мергендерге арнайы сыйлықтар табысталды.
Жамағаттың ауызбіршілігін нығайту, арадағы сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































