Ақтөбеде тұңғыш рет Сабан той өтті 4982

Ақтөбеде тұңғыш рет Сабан той өтті

04 қараша 2025 299 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Ақтөбе өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен тұңғыш рет сабан той өтті.

«Сабан той» — ұлттық салт-дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтық, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі, әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде «Сабан той» өткізеді.

Дәстүр дәріптелген шараға арнайы қонақ ретінде елордадан ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева қатысты.

"Алғаш рет сабан тойға қатысып отырмын. Ерекше ұнады. Тағылымы мол Сабан тойда Ақтөбе жамағатының жарасқан бірлігі мен бауырмалдық лебі сезіледі. Көрмеден шебер жандар екендеріңізді байқадым. Ынтымақтарыңыз арта берсін!» деп сектор меңгерушісі құттықттады.

Шара Алланың Кәләмімен басталып, «Әжелер мектебі» Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат арнаумен жалғасты.

Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова шараның маңыздылығына тоқталды.

Сабан тойда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, қалалық орталық мешіті, «Бақытжан», «Сүлеймен ата», «Досжан Хазірет», «Әзіреті Біләл» мешітінің шәкірттері мен Хромтау ауданық «Нұр» мешіті, Шалқар ауданы «Матай Қоқанұлы» мешіті, Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті, Темір аудандық «Досжан иман» мешіті, Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің әйел жамағаты болды.

Шара барысында дәстүрлі ән айтылып, күй шертілді, «Сабан той» туралы ақындардың өлеңі оқылды. Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Одан өзге әр мешіт шәкірттері көрменің таныстырылымын жасады. Ауыл-аймақтан, қала мешіттерінен келген жамағат көрмеге деп әкелген барша тартулары яғни ұлттық тағамдар мен күз кереметтерін таныстырып өтті. Оның ішінде әрине сүт, ет, ұн өнімдері, жеміс-жидек пен көкөністерден жасалған түрлі компазициялар мен экибанолар көрініс тапқан. Жамағат әрі олардың ұсынылу әсемділігіне де көңіл бөліп, ерекше талғаммен жасалғанына куә болды.

Ақтөбе өкілдігіндегі ұстаздар уақыттың қадірі, білімнің маңыздылығы татулық пен бауырмалдық, дін мен дәстүр сабақтастығы, егемендік туралы насихат айтты.

Шара қорытындысында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің атынан әр мешітке және Сабантойға арналған көрмеге белсенді қатысушыларға марапат табысталды.

Қала қонақтары мен жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, сабан тойдың тойдың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айты.

Ақтөбе обыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі