Сектор меңгерушісі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады 4980

Сектор меңгерушісі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады

04 қараша 2025 288 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева Ақтөбе қаласына келген екі күндік іс сапары аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде өткен «Рухани құндылыктар — берекелі отбасының негізі» атты семинарда РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы, журналист Ақтолқын Тажикованы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі» деп жыл басында айтқан еді. Пайғамбарымыз (оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын) хадисiнде: «Адамдардың ең қайырлысы – өзге адамдарға көбiрек пайда тигiзгені», – деп айтқан. Осы тұрғыда жаста болса өз саласының көшбасшысы болған ұстаз Ақтолқын Тажикованың бүгінгі марапаты осының жемісі деп білемін. Екі саланы әрдайым қатар алып жүру бұлда ерекше нығмет. Ақтөбе өңірі үшін бақ» деп ҚМДБ атынан сектор меңгерушісі құттықтады.

Сонымен қатар марапат рәсімінде өңірдегі сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова Алматы қаласында да бүгінге дейін дін аласында атқарған қызметтерін атап өтіп, жамағатқа таныстырды.

Ақтолқын Орысбайқызы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универиситеті мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің түлегі.

Еңбек өтілі журналистика саласында 14 жыл, дін саласында 8 жыл.

Бүгінге дейін діни және ұлттық құндылықты дәріптеуге арналған жобалардың авторы әрі продюсері. Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы және ҚМДБ-ның төл арнасы «Мұнара» телеарнасының Ақтөбе облысы бойынша тілшісі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы, республика бойынша діни сарапшы, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, жат ағымнан сақтандыру бойынша тәжірбиелі маман. «Қылаусыз сезім — мейіріммен», «Менің інжу-маржандарым» атты кітаптардың авторы.

Айта кетсек, елорда да өткен ҚМДБ арнасы «Мұнара» телеарнасының ресми маусым ашылуында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз атынан Ақтолқын Орысбайқызын үздік тілші ретінде алғыс хатпен марапаттады.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі