Ақтөбеде «Спорт — бірлік көпірі» атты сайыс өтті 5000

Ақтөбеде «Спорт — бірлік көпірі» атты сайыс өтті

17 қараша 2025 84 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешітінің ұйытқы болуымен жамағаттың бауырмалдығы мен бірлігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Спорт – бірлік көпірі» атты спорттық сайыс өтті.

Доданы мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы ашты.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар мен ересектер арасындағы ынтымақты арттыру, мұғалім, ата-ана және жамағат арасында бауырмалдықты арттыру, сондай-ак спортты өмір салтына айналдыруға үндеу болу» деп бас имам шараның маңыздылығына тоқталды.

Одан өзге Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ахаш Жаңалық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа №61 мектептің мұғалімдері мен оқушылары, сондай-ақ мешіт жамағаты мен әкелерден құралған 4 команда қатысып, өзара бәсекеге түсті. Қатысушылар жеңіл атлетика, эстафета және түрлі топтық ойындар арқылы шеберліктерін көрсетіп, өзара жарасымды жарыс үлгісін көрсетті.

Байқау нәтижесінде 1 орынды «Әкелер», 2 орынды «Мұғалімдер», 3 орынды «Жамағат» тобы иеленді.

Шара қорытындысында барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталы. Ал қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі