Ақтөбе: Жас отбасыларға семинар ұйымдастырылды
ҚМДБ “Ислам және отбасы құндылығы” аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаевтың бастамасымен “Отбасы бақыты және оның құндылықтары” атты жас отбасыларға арналған семинар өтті.
Семинарда Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы “Отбасы бақытының Пайғамбар өміріндегі үлгісі” тақырыбында уағыз-насихат айтып, Ислам дініндегі идеал отбасының нағыз көрінісі Алла Елшісінің (с.ғ.с) шаңырағында екендігін, қазіргі қоғамда көп жанұяларға жетіспей жатқан қарым-қатынас негізін атап өтті.
Одан өзге “Бақытжан” мешітінің ұстазы Анар Қойшығұл “Әйел даналығының сыры” жайында қыз-келіншектерге кеңінен ашықтап, жанұя жылуы мен берекесінде әйел адамның даналығы мен көрегендігі маңызды екендігін түсіндіріп өтсе, “Әзіреті Біләл” мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такеев “Ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері” туралы баяндап, ер мен әйелдің ортақ мәміледе өмір сүруі отбасын бақытқа жетелейтін негізгі төте жол екендігін баса айтты.
Шара қортындысында қатысушы қыз-келіншектерге гүл шоқтары сыйланып, әр спикерге мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы алғыс хат пен естелік сый-сияпат табыс етті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram