ХРОМТАУ: «АРАҚСЫЗ РАМАЗАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы үндеуі негізінде қасиетті айда Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Абдуллин Мейрбектің ұйымдастырумен мешіт жамағатымен бірге дүкен иелерімен кездесіп, арақ-шарап сатудан бас тартуға шақырды.
Игі шара барысында 7-ге жуық дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Имамдар кәсіпкерлерді қасиетті айда харам өнімдерден бас тартып, оның орнына халыққа пайдалы шырындар мен азық-түлік ұсынуға үндеді.
Кездесу барысында кейбір кәсіпкерлер бұл бастаманы қолдап, Рамазан айында арақ-шарап сатпайтындықтарын жеткізді. Өз кезегінде дін қызметкерлері адал кәсіптің берекесі мол болатынын ескертіп, жақсылыққа бастайтын кез келген амалдың сауабы еселеніп жазылатынын атап өтті.
Бұл бастама қасиетті Рамазан айында қоғамда рухани тазалықты арттыруға, сауапты істерге ынталандыруға бағытталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі