Ақтөбе: Ірі қара мал құрбандыққа шалынып таратылды 683

Ақтөбе: Ірі қара мал құрбандыққа шалынып таратылды

06 шілде 2021 121 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне өтініш білдіріп, көмек сұрап келген аз қамтылған мұқтаж отбасыларға қайырымдылық азық-түліктері таратылды.

Игі шараға мұрындық болған амал, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібай мешіт жамағатымен тасаттық жасап, Алладан жаңбыр сұрап, ірі қара малды құрбандық шалған болатын. Аталмыш ірі қара мал мұқтаж 31 отбасыға үлестіріліп, жалпы 217 келі ет таратылды.

Мұқтаждың мұңымен бөлісіп, жұртымызды құрғақшылықтан құтқаруға әрекет жасап құрбандығын садақа еткен «Айжарық» шаруа қожалығының басшылығына Алл разы болсын деп тілейміз! Алла кәсіптеріне береке беріп, дұғаларын қабыл етсін!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі