Жастар бөліміне жауапты мамандар бас қосты 67

Жастар бөліміне жауапты мамандар бас қосты

14 сәуір 2020 128 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің облыстағы өкілдігі жылдың соңғы тоқсанының жұмыстарын пысықтау мақсатында кездесу өткізді. Оған қала, аудан мешіттеріндегі аталмыш бөлімге жауапты мамандар қатысты.

Кездесу барысында өткен 3-тоқсанда атқарылған іс-шаралар таразыланып, жаңа тоқсанның жоспары құрылды. Жастар ісі бөлімінің облыстағы өкілі Асылхан Темірханов соңғы тоқсанда қамтылатын іс-шаралар барысында Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» атты мақаласын насихаттау, «Дін және жастар» атты конференция мен жастар арасында футболдан турнир ұйымдастыруды тапсырып,  т.б. мәселелер талқылады.

«Нұр Ғасыр» облыстық

орталық мешітінің

баспасөз қызметі