Ақтөбе: Дін мен дәстүр егіз ұғым 965

Ақтөбе: Дін мен дәстүр егіз ұғым

16 қазан 2021 179 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр егіз ұғым» тақырыбында шара өтті.

Аталған шараға ұстаздар мен шәкірттер және жамағат қатысты.

Сонымен қатар қатысушылар топтарға бөлініп, дін мен дәстүрдің сабақтастығын түсіндіру мақсатында қойылымдар қойып, сұрақ-жауап аясында ойындар өткізді.

Одан өзге «Нұр Ғасыр» мешітінде өндірістік-тәжірбиеден өтуші Муслима Самат «Құран – хақ кітап» тақырыбында баяндама жасады.

Шара қортындысында жеңіске жеткен топ мүшелері мен белсенді қатысушылар сыйлыққа ие болды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі