Мәртөкте аудандық бата жарысы өтті 4245

Мәртөкте аудандық бата жарысы өтті

27 ақпан 2025 133 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық мешітінің ұйымдастыруымен аудандық бата сайысының іріктеу кезеңі өтті. 

«Ақ бата» атты сайыстың негізгі мақсаты – бүгінгі таңда бата берудің құндылығын насихаттап, өскелең ұрпаққа мән-маңызын түсіндіру. Қоғамда аузынан берекелі батасы түспейтін батагөй ақсақалдарымыздың қадірін арттыру.

Аталған шараға 15-ке жуық ақсақал қатысып, бақ сынады.

Алғашқы кезеңде әр қатысушы өзінің дайындап келген батасын жатқа айтып, сынға түссе, екінші кезең бойынша билетте жасырылған белгілі тақырыптарға сәйкес бата беру болса және соңғы шешуші бөлімде түрлі салт-жоарғылар бойынша сұрақтар қойылды.

Сайыс нәтижесі бойынша орын алған ақсақалдарға алғыс хат пен сыйлықтар берілді.

Ерекше дайындық жасап, дода барысында асқан жауапкершілік танытқан барша қатысушыларға мешіттің бас имамы Марал Ермекбайұлы алғыс білдіріп, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Абишев Мажит шараға қатысқандарға дін мен дәстүрдің сабақтастығы тақырыбында айтты.

Шара барысында ақсақалдарымыз арнайы жайылған дастархан басында өз бақтарын сынаса, соңында қадірлі қадияларымыз дұға жасап, алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі