Батыс өңірінің дін қызметкерлері аттестаттаудан өтті 5055

Батыс өңірінің дін қызметкерлері аттестаттаудан өтті

26 қараша 2025 17 Оқу 1 минут

Ақтөбе олыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі және Батыс Қазақстан өңірі бойынша жалпы 53 дін қызметкерлері аттестаттаудан өтті. 

Аттестаттау компьютерден тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Тест бөлімінде: ақида, фиқһ, ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары болса, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары қамтылды.

Жиын басында аттестаттаудан өтетін дін қызметкерлеріне арнайы мүфтияттан келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, ҚМДБ «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Асан Абдиқұлұлы, ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің маманы Махамбет Искандеров ережелер мен шарттарды түсіндіріп, шараның мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ дін жолындағы қызметтеріне береке тілеп, емтиханнан сүрінбей өтулеріне сәттілік тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі