Ақтөбе «Қайырқожа» мешітінде айт мерекесі тойланды 1900

Ақтөбе «Қайырқожа» мешітінде айт мерекесі тойланды

10 шілде 2022 102 Оқу 1 минут

Күллі мұсылманның асыға күтетін екі мерекесінің бірі – Құрбан айт мейрамының екінші күні қарсаңында «Қайырқожа» мешітінің ұйымдастыруымен айт мерекесі тойланды.
Мерекелік іс-шара барысында 2 киіз үй тігіліп, 200 адамға ас берілді. Сонымен қатар мешітте 50 балаға айттық дастархан жайылды

Одан өзге ұлттық спорт түрінен (қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс т.б) жарыстар өтіп, дәстүрлі әндер мен термелер орындалып, мерекелік арнау-жырлар айтылды.

Спорттық ойындардан қазақ күресінен 70кг- ға дейін және түйе палуан екі номинация бойынша яғни жалпы 6 жүлдегерге қаржылай сыйлықтар берілді. Ал балалар күресінде екі номинация бойынша жалпы алғанда 6 жүлде тағайындалып, бағалы сыйлықтармен марапаталды. Одан өзге қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс бойынша 9 жүлдегерге қаржылай сыйлықтар табыс етілді.  Мерекелік шараға келген 250 балаға тегін балмұздақ үлестірілді. 

Айта кетсек, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша айттың бірінші күнінде 22, ал екінші күнінде 18 іс-шара өтті.

Айт құтты болсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі