Шалқарда үстел теннисінен біріншілік басталды
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында үстел теннисінен біріншілік басталды.
Жарыстың ашылу салтанаты Шалқар қайырымдылық мекемесінде өтті. Сайыста «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Жамбыл Тлеубай доданың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған сайыс барысына тоқталсақ, 3 айға созылатын додада жамағат арасынан 18 адам бақ сынауда. Әр кезеңде ойындар екі айналымнан өтеді. Алдағы ойындарда әр ойыншы топтық ойында сайысқа түсіп, әр топтан жеңген 2 ойыншы финалдық ойынға жолдама алады.
Сондай-ақ, алғашқы ойында 1 топтан Тұрлан Серікұлы, Мадияр Ғалымжанұлы мен Нұрым Бекболатұлы көш бастап тұрса, 2 топтан Сағадат Мирамбекұлы, 3 топтан Руслан Ғалымұлы және Берікбол Жанболатұлы топ жарды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі