Ақтөбеде «Құндылықтар керуені» жобасы бастау алды
Ақтөбе облысы әкімінің бастамасымен «Құндылықтар керуені» жобасы аясында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе имамдары Мұғалжар ауданына арнайы іс-сапармен барды. Аталған жобаның басты мақсаты – мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы сөзінде «Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру» деген болатын. Біздің осы бағыттағы негізгі мақсатымыз ұлттық құндылықтарды халық арасында түсіндіріп, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.
Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев бастаған дін қызметкерлері, солардың қатарында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов, наиб имам Мәжит Әбішев Мұғалжар аудандық мешіті, Қандыағаш қалалық «Қадірәлі ата» мешіті, Ембі қалалық «Нұр» мешіті және ауылдық мешіттерді аралап, жамағатпен кездесті.
Облыс бас имамы құптан уағызында «Бірлік – байлық» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Ұстаз Талғат Аманов құптан-бесін намаздарында жамағатпен және мемлекеттік мекемелерде жұмысшы мамандармен кездесіп, «Исламдағы бауырластықтың маңызы», «Истиғфардың пайдасы», «Ауызбіршілік», «Білім алудың артықшылығы» туралы уағыз айтып, жүма намазында «Ұлтаралық татулық» тақырыбында насихат жүргізді.
Наиб имам Мәжит Әбішев мешітте және мемлекеттік мекемелерде, «Жат ағымның алдын алу», «Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау», «ата-ананы сыйлау», «Діни рәсімдерді бірізділікке түсіру», «жаназа және жерлеу рәсімдері», «Садақада ысырап етпеу» секілді тақырыптарда насихат жүргізді.
Дін мамандары кездесулерде оларға жат ағымның алдын алу мәселері, дін мен салт-дәстүр құндылығы, отаншылдық туралы айтылып, халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ дін қызметкерлері әкімдермен кездесіп, аудандағы діни тұрақтылықтың алдын алуға қатысты шараларды талқылап, оны шешудің жолдарын айтты.
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram