Шалқар: Діни сауат ашу курсы мен асхана салынуда 48

Шалқар: Діни сауат ашу курсы мен асхана салынуда

28 тамыз 2020 184 Оқу 1 минут

Бас имам Төлеби Дәділұлы Шалқар ауданында мешіт маңынан салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысты деп хабарлайды «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі. Әуелі Шалқар ауданы, Бозой ауылдық «Аманғали ахун» мешітінің маңынан бой көтеріп жатқан асхана құрылысымен танысты. 300 адамға арналған мешіт асханасы ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен санылуда. Төрт айдың ішінде іргесі қаланып, қабырғасы көтеріліп, төбесі толықтай жабылған.

Сонымен қатар өткен жылы Шалқар қаласындағы «Жанаман ахун» мешітінің ауласынан діни сауат ашу курсы ғимаратын салу қолға алынған болатын. Аудан имамы Бақыт Тойшыбаев құрылыс нысанының тыныс-тіршілігімен таныстырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларын баяндады. Жаңа ғимаратта – ұлдарға және қыздарға арналған дәрісханалар, қызметтік бөлмелер, шәкірттерге арналған асхана мен дәретханалар және хасапхана қарастырылған.

Бас имам Төлеби қажы Дәділұлы аудан имамы Б.Тойшыбаев пен ауыл имамы Ы.Оразымбетовтың қызметтерін жоғары бағалап, құрылыс жұмыстарына жәрдем беріп жатқан барша Шалқарлық жамағатқа алғыс білдірді.

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

Баспасөз қызметі