Наиб имам Бәйішев университетінде 848

Наиб имам Бәйішев университетінде

16 қыркүйек 2021 110 Оқу 1 минут

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің әр түрлі салада оқып жатқан 2-3 курс студенттерімен кездесу өтті.

Конференция залда өткен алқалы жиынға проректор, тәрбие жөніндегі оқытушылар және жазушы һәм аға оқытушы  Ақылбек Дадин қатысты.

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін барған наиб имам Нұрбол Берікболұлы елімізге жат ағымның келу себебі мен теріс ағымдағылардың адасқан ұстаздарының тарихына тоқталды.

Сондай-ақ наиб имам олардың қазіргі таңдағы сипаттарын айтып, сақтанудың әдіс-тәсілдерін атап өтті.

Одан өзге Нұрбол Смағұлов жастарға тек бір саланы зерттеумен шектелмей, салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан ата-бабамыз ұстанған ислам дінінің қайнаркөздерімен танысып, теріс ағымда қарсы иммунитет қалыптастыруға жол сілтеді.

Кездесу барысында имамның сөзіне өз пікірін қосқан аға оқытушы Ақылбек Дадин діни ақпараттарды тек сенімді орындардан алуға шақырды.

Шара соңында студенттер қойған маңызды сұрақтарға Нұрбол Берікболұлы кең ауқымды түрде егжей-тегжейлі жауап берді.

Қызықты да пайдалы өткен сұхбатқа жоғары оқу орыны өкілдері тарапынан дін қызметтеріне алғыс айтылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі