Ақтөбе: Қалалық мешіттер арасында бата сайысының іріктеу кезеңі өтті 4207

Ақтөбе: Қалалық мешіттер арасында бата сайысының іріктеу кезеңі өтті

20 ақпан 2025 151 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешіттер арасында бата сайысының іріктеу кезеңі өтті. 

«Баталы елге бақ қонар» атты сайыстың негізгі мақсаты - бүгінгі таңда бата берудің құндылығын насихаттап, өскелең ұрпаққа мән-маңызын түсіндіру. Қоғамда аузынан берекелі батасы түспейтін ақылғөй ақсақалдарымыздың қадірін арттыру.

Аталған шараға 10-ға жуық ақсақал қатысып, бақ сынады.

Алғашқы кезеңде әр қатысушы өзінің дайындап келген батасын жатқа айтып, сынға түссе, екінші кезең бойынша билетте жасырылған белгілі тақырыптарға сәйкес бата беру болса және соңғы шешуші бөлімде түрлі салт-жоарғылар бойынша сұрақтар қойылды.

Сайыс нәтижесі бойынша 1орын (50мың) Нұрлан Ізденұлы қарияға, 2 орын (30мың) Жайылхан Абдисаламов ақсақалға 3 орын (20мың) Нұржан Бекмұратұлы ақсақалға бұйырды.

Ерекше дайындық жасап, сайысқа асқан жауапкершілік танытқан барша қатысушыларға мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы алғыс білдіріп, ҚМДБ төл баспасынан шыққан кітаптар сыйға тартты.

Шара соңында арнайы мерекелік дастархан жайылып, қадірлі қадияларымыз дұға жасады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі