РАНТ мүшесі  Мұғалжар ауданында 1074

РАНТ мүшесі Мұғалжар ауданында

08 қараша 2021 158 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешіттің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Мұғалжар ауданына іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысы жергілікі өкілдіктегі мамандармен кездесуден басталды.

Сонымен қатар Қандыағаш қаласындағы Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде бесін намазына жиналған жамағатқа
«Пайғамбарымызға (с.ғ.с) махаббат», ал «Қадырәлі ата» мешітінде құптан намазына жиналған жамағатқа «Ықылас» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Одан өзге Нұрлыбек Шакизадаұлы үш адаммен жеке кездесу өткізіп, ислам дінінің мақсаты, білімсіздіктің зардабы тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, дін аясында мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі