Ақтөбеде «Ел бірлігі — ең асыл құндылық» атты рухани-танымдық шара өтті 6755

Ақтөбеде «Ел бірлігі — ең асыл құндылық» атты рухани-танымдық шара өтті

26 қазан 2026 57 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде 25 қазан — Республика күніне орай «Ел бірлігі – ең асыл құндылық» атты рухани-танымдық шара өтті. 

Игі шарада мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Ел бірлігі – асыл құндылық» тақырыбында уағыз-насихат айтып, Отанды сүюдің, елге адал қызмет етудің және қоғамға пайдалы болудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ізгілікті насихаттау, алауыздық пен жікшілдіктен аулақ болу, жас ұрпаққа білім мен адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, саналы тәрбие беру әрбір азаматтың Отан алдындағы перзенттік борышы екендігіне тоқталды.

Шәкірттер Гүлдендік Мырзалина мен Ақмаржан Қуатбекқызы қатысушыларға еліміздің тарихы мен бүгінгі жетістіктеріне қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырып, олардың танымын кеңейтуге үлес қосты.

Шара соңында ел азаттығы жолында жанын қиған боздақтар мен ұлт зиялыларының рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі