"Әс-сәләм" мешіті "Рамазан сыйын" жасады
Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қаласы, "Әс-Сәләм" мешітінің имамы Нұрсұлтан Серікұлы мұқтаж, жалғызбасты, көп балалы 15 отбасыға "Рамазан сыйы" акциясы аясында азық-түлік дорбаларын тартты.
Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – қасиетті айда мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайту. Аталған көмек дорбаларына күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы, шай, қант және өзге де азық-түлік өнімдері енгізілді.
Игі шара барысында мешіт имамы Нұрсұлтан Серікұлы Рамазан айының адамды сабыр мен шүкіршілікке тәрбиелейтін ерекше ай екенін айтып, жамағатты мұқтаж жандарға көбірек қол ұшын созуға шақырды. Сондай-ақ ол қайырымдылық жасау – Ислам дінінің маңызды құндылықтарының бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, қасиетті Рамазан айында жасалған игі істің сауабы мол болуын тіледі.
Айта кетейік, «Рамазан сыйы» акциясы алдағы уақытта да жалғасып, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету бағытында түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылмақ.






































