«Қайырқожа» мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды 2119

«Қайырқожа» мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды

19 қыркүйек 2022 203 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің Бас имамы болып Шыңғыс Құлшаров тағайындалды. 

Ол – бұған дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ұстаз, қаладағы «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы және наиб имамы, «Қайырқожа» мешітінің наиб имам қызметтерін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Шыңғыс Ғалымжанұлы «Ақтөбе» медресе-колледжі мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған имамды жамағатқа облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін «Қайырқожа» мешітінің Бас имамы қызметін атқарған Сұңғат Саметов жуырда ғана Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы, «Ас-Салам қайырымдылық мекеме» жеке мекемесіне директоры болып тағайындалды.

Қос дін қызметкерінің ел руханиятының игілігі жолындағы еңбегіне береке тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі