Мұғалжар ауданында «Oilan tap» діни-интеллектуалдық сайысы өтті 6756

Мұғалжар ауданында «Oilan tap» діни-интеллектуалдық сайысы өтті

26 қазан 2026 36 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде ұлттық мереке — Республика күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар аудандарда да жалғасын тапты.

Атап айтқанда, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешітінде айтулы мерекеге орай «Oilan tap» атты діни-интеллектуалдық білім сайысы ұйымдастырылды.

Қазіргі трендке сай, танымдық сайыс «Quiz» (квиз) форматында өтті. Білім додасына Ақтөбе өңірінен жалпы саны 4 команда қатысып, бақ сынады. Соның ішінде Ақтөбе қаласынан 1 топ, Ембі қаласынан 1 топ және қабылдаушы тарап — Қандыағаш қаласынан 2 топ қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен интеллектуалдық сайыстың қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесідей анықталды:

І орын — «Қадырәлі» тобы (20 ұпай);

ІІ орын — «Ембі» тобы (17 ұпай);

ІІІ орын — «Ақтөбе» тобы (16 ұпай).

Шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы марапаттар табыс етілді.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі