«Мемлекеттілік тарихы — елдік бастауы» атты рухани-танымдық іс-шара өтті 6754

«Мемлекеттілік тарихы — елдік бастауы» атты рухани-танымдық іс-шара өтті

26 қазан 2026 22 Оқу 1 минут

25 қазан — Республика күніне орай Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің әйел жамағаты арасында «Мемлекеттілік тарихы — елдік бастауы» атты рухани-танымдық іс-шара өтті.

Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Одан кейін аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Әли Төреғали сөз сөйлеп, Республика күнінің маңызына тоқталды. Жиналған қауым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, мерекеге арналған бейнероликті тамашалады.

Сонымен қатар қазақ мемлекеттілігінің тарихына шолу жасалып, қатысушылар арасында тақырыптық сұрақ-жауаптар мен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында бабалар рухына Құран бағышталып, еліміздің амандығы, халқымыздың бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі