Ақтөбеде бірнеше кәсіпорын ҚМДБ халал сертификатын алды
Ақтөбе облысындағы бірнеше кәсіпорын «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Атап айтқанда, «Raqym et» ет дүкені, «Изюм» дәмханасы, «Batys food», «Турецкие сигара бореки» жартылай дайын өнімдері.
«Raqym et» ет дүкеніне жұмада сертификатты Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қаланың Бас имамы Алмат Әли, ал «Халал Даму» орталығының жергілікті маманы Ақмаржан Ержанқызы аталған кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын иелеріне халал сертификатын табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































