Жамағат арасында интеллектуалды сайыс өтті 3032

Жамағат арасында интеллектуалды сайыс өтті

25 қазан 2023 193 Оқу 1 минут

Республика күніне орай жамағат арасындағы бірлік нығайту және білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Ақтөбе қаласы мешіттерінің арасында Құран, ақида, фиқһ, сияр пәндері бойынша интеллектуалды сайыс өтті.

Сайыс қортындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен «Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед» атты бағалы кітап тарту етілді.

Айта кетейік, сайысқа 50-ге жуық адам қатысып, өз білімдерін сынады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі