Имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті
Актөбе қалалық орталық мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен облыстық дін істері орталығы және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті.
Аталған семинарға облыстың Бас имамы Амантай Садиев қатысып, маңыздылығына тоқталды.
Семинарға арнайы мамандар экономика ғылымдарының кандидаты Махмеджанова Лолахон және практик-психолог, педагогика және психология ғылымдары магистрі, ҰҚК аға окытушысы Абдукеева Ақмарал қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ мамандар қоғамда түрлі мәселелер барысында туындайтын келіспеушіліктерді шешуде адамның ұстанған сенімі мен психологиялық жай-күйі аса маңызды рөл атқаратынын айта өтіп, оның алдын-алу шараларын жан-жақты талқылап өтті.
Сонымен қатар имамдар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап беріліп, қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
















































