Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан  ХІ республикалық байқауының жеребе тарту рәсімі өтті 2129

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауының жеребе тарту рәсімі өтті

27 қыркүйек 2022 199 Оқу 1 минут

Бүгін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.

28-29 күні Қызылорда қаласында өтетін сайыста ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі атынан толық Құраннан Ерәлі Құлмағанбетұлы — 17 нөмір, 10 парадан Ислам Мұхтар — 2 нөмір, 20 парадан Қабат Нұрислам — 4 нөмір, мәнерлеп оқудан Дәулет Қыдырбай — 20 нөмір бақ сынайды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов мәлімдеді.

Қариларға сәттілік тілейміз! Алла жар болсын!



Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі