Рамазан – береке айы 5987

Рамазан – береке айы

26 ақпан 2026 13 Оқу 1 минут

Рамазан – береке айы. Ал берекенің бірден бір нышаны жамағат. Басқа кезде жиналмаған жамағат ауызашар мен тарауық намазы уақытында мына дүние мен ақырет үшін пайда әкелетін сауапты іске жиналады.

Алла Тағала қасиетті Құранда:

شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِي أُنْزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ

«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол нұсқаушы және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді», – деген («Бақара» сүресі, 185-аят).

Рамазан — бастапқы он күні Алла Тағаланың рахметі, кейінгі он күні Хақ Тағаланың кешірімі, соңғы он күні тозақтан азат болу айы.

Бірінші он күндігінде, яғни рамазанның бірінші он күндігінде Алла Тағаланың нығыметтері моля түседі. Алла Тағаланың бұл рахммті барша мұсылмандарға нәсіп болады. Ал шүкіршілік еткен пенделер үшін рахмет моля түседі. Бұл мәселеге қатысты Алла Тағала: «Егер шүкіршілік етсеңдер, бергеннің үстіне беремін» деген. (Ибраһим сүресі, 7-аят).

Рамазанның бір бөлігі өткенен кейін, оның сыйы мен құрметі кешірімен басталады.

Рамазан айында жақсылық есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады әрі шайтандар кісенделеді.

Имам Ахмад және Имам Әл-Баззар Әбу Һурайрадан жеткен хадисінде: Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Былай дейді «Рамазан айында менің үмбетіме ілгеріде ешбір үммбетке берілмеген бес ерекшелік берілді, Алла Тағала үшін ораза ұстаушының ауызының исі мисктің исінен артық. Періштелер ауыз ашатын уақыт болуға дейін ораза ұстағандардың күнәларін кешірілуін тілейді. Алла Тағала күнге жәннатты әшкейлеп: «»Көп ұзамай менің ізгі пенделерім дүние машақатынан босап саған келеді», дейді Ерекше бүлікші шайтандар Рамазанан тыс уақытта жаман қылықтарын істегендей істей алмауы үшін Рамазан айында кісенделеді.

Қорыта айтқанда, Рамазан – жай ғана белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден тыйылу маусымы емес. Бұл – адамның рухын шыңдап, нәпсісін тізгіндейтін, пендені кемелдікке жетелейтін тәрбие мектебі.

Бұл айдағы басты мақсатымыз – жүрегімізді ғапылдықтан ояту, бойымызға көркем мінез дарыту және Раббымызбен болған байланысты шынайы ықыласпен бекемдеу болуы тиіс. Егер біз Рамазан айынан рухани жаңарған, мейірімді, сабырлы әрі тақуа қалпымызда шыға алсақ, онда қасиетті айдың бізге берген жемісі мен жеңісі осы болмақ.


Бақжарық Қызырұлы 

Ойыл ауданының Бас имамы