«Дін – тәрбие діңгегі» атты мектеп оқушыларымен кездесу өтті
Шалқар ауданы, Бозой ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінің имамы Қанайбек Салиев мектеп оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында имам Бозой орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбы аясына кеңінен тоқталды. Діннің адам өміріндегі маңызы, имандылықтың қоғамдағы орны, ата-анаға, ұстазға құрмет көрсету сияқты құндылықтарды айтты. Сонымен қатар жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, білім алуға, адал еңбек етуге және елінің болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты. Кездесу соңында имам жастарға ізгі тілегін білдіріп, олардың саналы, білімді әрі иманды азамат болып қалыптасуына сенім артатынын жеткізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































