Ақтөбе: «Munara» телеарнасының құрметті қонағы – Сәуле Жанпейісова 2590

Ақтөбе: «Munara» телеарнасының құрметті қонағы – Сәуле Жанпейісова

31 наурыз 2023 186 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде орналасқан республикалық ҚМДБ-ның төл арнасы «Munara» телеарнасының Ақтөбедегі филиалында дәстүрлі ән өнерін насхаттаушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, әнші Сәуле Жанпейісова қонақ болды.

Алматыдан атартып келген ұлттық өнерді насихаттаушы, өнер майталманы «Munara» телеарнасының тілшісі Ақтолқын Тажиковаға «Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы» т.с.с тақырыптар аясында «Жұмадағы жүздесу», «Менің ақиқатым», т.б бағдарламаларда сүбелі сұхбат берді.

Жуырда «Munara» телеарнасынан көре аласында.

Одан өзге Сәуле Стаханшылқызына ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі атынан шығармашылық табыс тілеп, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітап пен гүл шоқтары тарту етілді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі