Бас мүфти Досжан Хазірет кесенесіне зиярат жасады 1434

Бас мүфти Досжан Хазірет кесенесіне зиярат жасады

19 наурыз 2022 177 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Досжан ишан Қашақұлының кесенесіне зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Айта кетсек, «Хазірет Дос­жан ишан Қашақұлы (1815-1890) – діни ұстаз-ағартушы, ірі ойшыл, өз дәуіріндегі қоғамдық және елдік мүдделерге етене араласқан қоғам қайраткері. Азан шақырып қойылған есімі – Досмұхаммед, бірақ ел аузында Досжан, Досеке, Дошеке деп көп айтылып, солай тарап кеткен. XIX ғасырда қазақтардың Мекке-Мәдина шаһарларына қажылық парызын өтеу сапарларына мұрындық болған. Қазақ шежіресіне қатысты деректер жинаған. Бұдан біз Досжан Хазіреттің Ихсан ілімін ұстанғандығын аңғарамыз.
Ол XIX ғасырда қазақтардың Мекке-Мәдина шаһарларына қажылық парызын өтеу сапарларына мұрындық болған. Қазақ шежіресіне қатысты деректер жинаған.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі