Кезекті  «Көшпелі уағыз-насихат керуені» 4854

Кезекті «Көшпелі уағыз-насихат керуені»

20 қыркүйек 2025 78 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында қаланың бірнеше мешітінде бір мезетте уағыз-насихат кездесулері ұйымдастырылды. 

Жобаның мақсаты — жамағатпен тығыз қарым-қатынас орнату, рухани тәрбие беру және қоғамда өзекті мәселелер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли  – «Біләл» мешітінде, «Ақтөбе қалалық орталық» мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы – «Бақытжан» мешітінде, қалалық орталық мешітінің ұстазы Рүстембек Аманғосұлы – «Досжан хазірет» мешітінде, «Досжан хазірет» мешітінің имамы Шынболат Үмбетов – «Сүлеймен ата» мешітінде, «Сүлеймен ата» мешітінің имамы Акылбек Урдакулов – «Ақтөбе қалалық орталық» мешітінде, «Біләл» мешітінің имамы Нұрлыбек Тәкеев – «Қабақ баба» мешітінде, ал «Қабақ баба» мешітінің имамы Нұрлыбек Дүйсеев – «Ар-Рахим» мешітінде уағыз жүргізді.

Барлық мешіттерде «Қоғамдағы зиянды дерттер» тақырыбында уағыз айтылып, діннің тәрбиелік рөлі, жастардың имандылықпен өмір сүруі, зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдары түсіндірілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі