Ақтөбеде Ашура күніне орай ауызашар дастарханы жайылды 6471

Ақтөбеде Ашура күніне орай ауызашар дастарханы жайылды

27 маусым 2026 23 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде қасиетті Ашура күніне орай нәпіл ораза ұстаған жамағатқа арнайы ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Рухани кешке қонақ ретінде «Әл - Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы қатысып, жамағатқа Ашура күнінің қадір-қасиеті мен нәпіл оразаның сауабы жайында тағылымды насихат айтты. Бас имам мұсылман қауымын сауапты амалдарды көбейтіп, ізгілік пен бірлікке үндеді.

Ауызашар соңында жиналған жамағат елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді. Осындай рухани басқосулар мұсылман қауымының ынтымағын нығайтып, ізгі құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.