Алғаш рет ұйымдастырылды 1063

Алғаш рет ұйымдастырылды

05 қараша 2021 173 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатпен кері байланыс мақсатында «Сұрақ-жауап алаңы» өтті.

Аталған шараға облыстың Бас имамы мен «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Нұрбол Смағұлов пен Мұхаммедисмаил Шадман қатысты.

Жамағат арасынан ақида мен фиқһқа байланысты өздерін жиі мазалап жүрген 35 сұрақ қойылып, дін мамандары тұщымды жауап берді.

«Сұрақ-жауап алаңы» әр жұма күні жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі