2 Зул-Хиджа
Облыстың Бас имамы Хромтау ауданының әкімімен кездесті 4436

Облыстың Бас имамы Хромтау ауданының әкімімен кездесті

20 сәуір 2025 283 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы жұмыс сапарымен Хромтау ауданына барды. Іс-сапар Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Жасұланұлы Тілеумұратовпен кездесумен басталды. Кездесуде аудандағы дін ахуал талқыланып, атқарылу керек жұмыстар пысықталды. Аталған өңірдегі діни ахуалды жақсарту үшін бірлік пен ынтамақта жұмыс жасау керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар күн тәртібіндегі дін қызметкерлеріне қолдау білдіру мәселелеріне тоқталды. Одан өзге аудан әкімі облыстың бас имамына қызметіне сәттілік тілеп, ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға әрқашан мүдделі екенін жеткізді.
Ал облыстың Бас имамы «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен» кітабын аудан әкіміне сыйға тарту етті.

Кездесу соңында тараптар игі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісті.