"Өмірге үміт сыйла" акциясы аясында баланың еміне көмек берілді
ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қоры Ақтөбе қаласы “Бақытжан” мешітінің ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы аясында Төлегенұлы Мұхаммедтің еміне 200.000 теңге қаржылай көмек берілді.
Ақтөбе қаласы "Бақытжан" мешітінің бас имамы Кәрім Еламан Мұхаммедтің әжесіне қайырымдылық сертификатын табыстады.
Мұхаммедтің дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген Мұхаммедтің әжесі жақсылықта жарысып, қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жанға Алла разы болсын!



































