Ақтөбе:  Талапкерлер емтихан тапсырды (ФОТО) 3482

Ақтөбе: Талапкерлер емтихан тапсырды (ФОТО)

21 тамыз 2024 533 Оқу 1 минут

 Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы Ақтөбе медресе-колледжінде 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы басталды. 

Талапкерлерден емтихан алған арнайы комиссиясы төрағасы ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, комиссия мүшелері «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің маманы Жаңабай Кожин, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы.

Биылғы жылдың оқуы жоспары бойынша 110 талапкер қабылданады. Олар 9 сыныптан кейін 50 ер, 40 қыз бала болса, ал 11 сыныптан кейін 10 ер, 10 қыз бала тест және шығармашылық емтиханнан тапсырып, аталған оқу орнының шәкірті атанады.

Емтихан барысында бірінші – қазақ тілі, тарих, география пәндерінін арнайы компьютер арқылы тест тапсырса, екінші – комиссия мүшелері алдында шығармашылық емтиханнан өтті.

Айта кетсек, әділқазы мүшелерінің мәлімдеуінше, жалпы талапкерлердің білім деңгейі өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

Алдағы уақытта қортындысы конкурс нәтижесі ретінде шығады. Қазіргі таңда қабылдау жалғасуда.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

\