Ақтөбе: Жетімнің басынан сипа, жүрегің жұмсарады... 1526

Ақтөбе: Жетімнің басынан сипа, жүрегің жұмсарады...

11 сәуір 2022 176 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында қайырымдылық шаралардың бірі – «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында жалғасын тапты. Игі бастама мұрындық болған Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы.

Шара барысында орталыққа арнайы келген Бас имам жеткіншектермен сұхбаттасып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар мешіт атынан 30 жетім балаға 105 мың теңгені құрайтын азық-түлік қоржыны үлестірілді.

Одан өзге  Бас имам орталықтың ұжымын Рамазан айымен құттықтап, «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітабы табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі