Студенттерге жат ағым сипаттары түсіндірілді 3233

Студенттерге жат ағым сипаттары түсіндірілді

01 наурыз 2024 350 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков «Шалқар аграрлық – техникалық» колледжінің студенттерімен «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өткізіп, басқада діни сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында имам ата-баба дәстүрімен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері, қазақ елінен шыққан діни қайраткерлердің өмір тарихы мен діни ұстанымдарына тоқталып, жат діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың жолдарын көрсетті.

Сондай – ақ, білім алушылар өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі