Ақтөбеде көпбалалы отбасыға 536-шы баспана табысталды 1525

Ақтөбеде көпбалалы отбасыға 536-шы баспана табысталды

11 сәуір 2022 206 Оқу 1 минут

Бүгін қасиетті Рамазан айының құрметіне орай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бесін намазының алдында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 536-шы, Ақтөбе өңірі бойынша 25-ші баспана кілті 8 баласы бар отбасыға табысталды. 

Аталған игі шара өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі мен «Жарқын жүрек» еріктілер тобының атсалысуымен жүзеге асты.

Сонымен қатар баспана сертификаты мен кілтін РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев пен облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы берді. 

Шара барысында Облыстың бас  имамы Серікжан Еншібайұлы Жаңа қала ықшам ауданданындағы 3 бөлмелі пәтердің иесі Жұбатханов әулетіне құтты болсын айтты. Сондай-ақ мұқтаждың мұңын мұңдап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді.

Айта кетсек, пәтер құны 20 000 000 теңге.

Бүгінгі қуаныш иелерін жаңа баспанасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі